2026 жылдың 27 наурызда балабақшамызда «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» өткізілді педагогтермен семинар -тренинг өткізілді. өте маңызды тақырыпты қарастырамыз – педагогтың құқықтары мен жауапкершілігі. Көп жағдайда біз тек міндет пен жұмыс істейміз. Кейде өзімізге тиесілі емес жұмыстарды да орындаймыз, кейде үндемейміз. Бірақ осының барлығы бір нәрсеге әкеледі-кәсіби күйзеліске.
Сондықтан бүгінгі негізгі ой: Заң — бұл шектеу емес, бұл қорғаныс. Психологиялық жаттығу «Педагогтің құқықтары мен жауапкершілігі» тренингі (экранға қарап қайталау)
Теориялық бөлім-Слайд
Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 18-бабы:
Педагогтың құқықтары:
-кәсіби қызметте еркін болу;
-ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау;
-өзіне жатпайтын жұмысқа тартылмау;
-заңсыз әрекеттерден қорғалу.
Педагогтың жауапкершілігі:
-баланың өмірі мен денсаулығы
-педагогикалық әдеп нормаларын сақтау
-білім беру бағдарламасын орындау.
Негізгі бөлім
Қатысушылар 2 топқа бөлінеді:
1-топ: ата-аналар позициясы
2-топ: педагогтар позициясы
Талдау:
Педагог:қауіпсіздікке жауапты
Бірақ: толық бақылау мүмкін емес
Алгоритм: алғашқы көмек, ата-ананы хабарлау, тіркеу.
Шешім: «Барлық қауіпсіздік талаптары сақталды»
Жауапкершілік-бақылау емес, әрекет жүйесі.
Қорытындыға қазір кішкентай ойын: «Мен – кәсіби педагогпын»
Мен бастаймын, сіздер жалғастырасыздар:
– Мен – педагогпын, және мен өз құқығымды… (қорғаймын)
– Мен – педагогпын, және мен заңды… (білемін)
– Мен – педагогпын, және мен өз жұмысымды… (сенімді атқарамын)
Ал енді бәріміз бірге айтайық:
«Мен – өз құқығын білетін, кәсіби педагогпын!»
Тамаша! Сіздер бүгін өте белсенді, сауатты, ойлы жұмыс жасадыңыздар.
Осындай педагогтар бар жерде – сапа да, әділдік те болады!
https://samyrik45.edugov.kz/yzmetkerlerdi-biliktilikterin-arttyru/339-yzmetkerlerdi-biliktilikterin-arttyru.html#sigFreeIda908fa107a
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Тақырыбы «Педагогтың құқықтары мен жауапкершілігі тепе-теңдік пен кәсіби шекара» |










