Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
«Озат тәжірибе - әріптеске үлгі» атты тәжірибе алмасу қалалық семинары өтті

2026 жылғы 26 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің балаларға арналған қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы КММ ұйымдастыруымен №49 «Алтынай» балабақшасы базасында «Озат тәжірибе – әріптеске үлгі» атты тәжірибе алмасу қалалық семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты – педагогтердің озық тәжірибесін тарату, өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби шеберлікті арттыру және білім сапасын жетілдіру. Семинар барысында қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері, инновациялық білім беру технологиялары және тиімді педагогикалық практикалар бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Қалалық семинар мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға және шығармашылық бастамаларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың жалғасы болып табылды. Семинарға балабақшамыздың тәрбиеші педагогі  Бахишева Құндыз Кармысовна өз  іс-тәжірибе жұмысымен бөлісті.