2026 жылы, ақпанңың 11, күні аттестаттаудан өтетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибесін Алматы, Есіл, Нұра аудандарының педагогтеріне тарату вебинары өтті. Құммен сурет салу бағыты бойынша балабақша педагогы Доспанова Г.С. өзінің авторлық жұмысын таныстырып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Осы стандартқа сүйене отырып, тәжірибенің мақсаты мен міндеттерін айқындадым. Бұндағы зерттеу объектісі: 4-5 жастағы балалар. Зерттеу тақырыбы: «Құммен сурет салу өнері». Яғни, балабақшада дәстүрден тыс құммен сурет салудың әдіс-тәсілдерін үйретіп, үйірме жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын көрсетемін. Сонымен қатар зерттеу барысында балалардың даму динамикасының оң нәтижесімен және жеткен жетістіктері туралы.
Құммен сурет салу – жаңа әдіс емес. Алайда, қазіргі кезде бұл әдіс жаңаша түсінікпен қаралып, оның баланың дамуына тигізетін әсері терең зерттелуде. Ғалымдардың зерттеулері құммен сурет салудың баланың миының дамуына, қолдың ұсақ моторикасының дамуына, сөйлеу қабілетінің дамуына және эмоциялық жағдайының жақсаруына оң әсер ететіндігін дәлелдеді.
{gallery}/it17/8іс{/gallery}










