Астана қаласы әкімдігінің «Арт-терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» балабақшасы» МКҚК
0
2026 жылдың 25 ақпан күні балабақшамызда «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» Ата – аналар байқауы өткізілді

2026 жылдың 25 ақпан күні балабақшамызда  «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»  Ата – аналар байқауы өткізілді.  Отбасы – әр адамның ең алғашқы мектебі, мейірім мен тәрбиенің алтын ұясы. Балаға бағыт беріп, өмірге жол көрсететін де – ата-ана. Сондықтан бүгінгі отбасылық сайысымыз тек жарыс емес, бұл – бірлік пен ынтымақтың, сыйластық пен сүйіспеншіліктің мерекесі.    «Шебер әке – өнерлі ана» сайысының негізгі міндеті – отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайту, ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу болып табылады. Сонымен қатар, бұл шара әкелердің жауапкершілігін,   аналардың өнері мен шеберлігін насихаттауға бағытталады. Байқау 5 кезенен түрып, тату отбасыларды,  шебер әкелерді, өнерлі аналарды көрдік.  Әр кезен қызықты тампырмаларымен толы болды. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы, Сондықтан әрбір отбасының бірлігі мен татулығы – қоғамымыздың тірегі.  Енді байқауымыздың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Ашикова Ляззат Худираттилаевна - №52 «Еркетай» МКҚК балабақшасының педагог маманы
  2. Стаева Маржан Маратовна - №52 «Еркетай» балабақшасының   қазақ тілі педагогі
  3. Омарова Жупар Бейбітханқызы – «Арт – терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» қазақ тілі мааны бірінші санатты педагогі.

Комиссия хатшысы:  Жанабіл  Алина  Оралқызы  «Арт – терапия басым бағыттағы №45 «Самұрық» МКҚК  музыка маманы.

«Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»  байқауының жалпы қортындысы бойынша  

І орын -   ортаңғы «Алпамыс» тобының  ата- аналары

ІІ орын -  кіші  «Гәкку» тобының  ата- анасы , ІІІ орын – ортаңғы «Сарыарқа» тобының ата-аналары  женіске жетті.

«Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуші отбасы»; номинациясымен – ортаңғы «Наз» тобының ата-анасы

«Креатівті отбасы»;  номинациясымен ортаңғы  «Шашу» тобының ата-анасы

«Жұлдызды отбасы»;  номинациясымен – кіші «Илигай» тобы ата-аналары ей болды. Байқау жеңімпаздары дипломдарымен  марапатталады.