6 ақпан 2026 жыл Балабақшамызда «Ата-аналармен өзара ықпалдастық» атты семинар - тренинг арт-терапия мамандарының балалармен қарым -қатынас жұмыстарымен таныстырылды. Тренинг мақсаты баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, білімін көтеру. Балаларды тәрбиелеу міндетін бірлесіп шешуге тарту. Семинар тренинті балабақша әдіскері С. Сагитова біраз арт - терапия бойынша мәлімет айта отырып , балабақша мен ата - аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі -жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана бәріміз бірге балаларға отбасы жылулығын, балабақша жылулығын беруді аямаяйық. Ата - аналардың қарым - қатынасын жақсарту. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру және түсінік жұмысын жүргізу. Ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Сондықтан да бүгінгі семинар - тренингіміз сіздер үшін. Бүгінгі тренингімізді педагог - психолог Оразалы Ж. Сіздермен психологиялық «Өзіме-көршіме» тренингімен бастап, эмоционалдық жағдайын жақсарту, позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыру және кәсіби күйзелістің алдын алу. Бейнелеу терапия маманы Е. Исаев « Бейнелеу терапия: Балаларға арналған шығармашылық терапия» Бейнелеу терапия - бұл балалардың өз эмоцияларын, ойларын және ішкі әлемін көркемдік құралдар арқылы білдіруіне мүмкіндік беретін терапиялық әдіс. Балалар сурет салу, мүсіндеу, коллаж жасау сияқты әрекеттер арқылы сөзбен айту қиын сезімдерін бейнелей алады. Бұл процесс оларға еркіндік сезімін береді және ішкі қақтығыстарды шешуге көмектеседі. Мысалы, бала өз қорқынышын немесе қуанышын суретке түсіру арқылы өзін жеңілдетеді. Фототерапия маманы А. Мухаметалина «Ұлы дала рухы» жаттығғыларымен таныстырып, “Атадан балаға”атты медитация жасап, Жалпы бұл ойынның мақсаты - жан дүниемізді тыңдауға, шынайы болуға, бір-бірімізді тыңдай білуге көмектеседі.құм - терапия маманы К. Бахишева «Ұлттық құндылықтарға негізделген құм терапиясы» жұмыстарымен таныстырды. Құм терапиясын ұлттық құндылықтар негізінде қолдану - заманауи білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде баланың тұлғалық және ұлттық сана-сезімін дамытуда өзекті бағыт болып табылады. Қортындылай келе: Ата -аналардың балабақшамен бірлесіп жұмыс жасау, отбасылық дәстүрлердің тәжірибесін тарату үшін әліде жұмыстар жүргізіледі. Қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз. Кері баланыс нәтижесінде семинар-тренинг өз мақсатына жетіп, жоғары деңгейде өткізілді деп бағалаған.
https://samyrik45.edugov.kz/ata-analarmen-zh-mys/295-ata-analarmen-zara-y-paldasty.html#sigFreeId1e7db10907










